Алматыда М. Горький атындағы ортлық демалыс саябағында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 86 халықаралық турнирінің қатысушылары салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Ең бірінші болып грепплингтен АDCC ережесіне сәйкес кездесу өткізетін спортшылар шығып көз түйістірді. Олар Юсуп Саадулаев (Ресей) - Хабибула Мансур (Қазақстан) - 65.9 кг, Нартай Кажеков (Қазақстан) - Расул Тезикбаев (Қырғызстан) - 65.9 кг, Бекир Бариев (Қазақстан) - Арсен Шапиев (Ресей) - 98.9 кг және Ержан Естанов (Қазақстан) - Расул Мирзаев (Ресей) - 65.9 кг. Артынша көптеп жиналған халық асыға күткен ММА сарбаздары да көп ұзамай салмақ өлшеу рәсімдерін бастап кетті. Никита Балтабаев (Қазақстан) - Жұман Жұманбеков (Қазақстан) - 61.2 кг, Никита Михайлов (Ресей) - Сәбит Жүсіпов (Қазақстан) - 61.2 кг, Мұратбек Қасымбай (Қазақстан) - Ренат Ондар (Ресей) - 65.8 кг, Артур Магомедов (Ресей) - Руслан Серіпқұлов (Қазақстан) - 65.8 кг, Николай Цыганков (Ресей) - Жасұлан Әкімжанов (Қазақстан) - 65.8 кг, Нариман Аббасов (Әзірбайжан) - Әділ Боранбаев (Қазақстан) - 70.3 кг, Георгий Лобжанидзе (Грузия) - Даурен Ермеков (Қазақстан) - 83.9 кг және де осы кештің басты кейіпкердері Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан)- Тайсон Нэм (АҚШ) - 56.7 кг.

- Мен өзім тек жеңіске жетемін деп ойлаймын. Менің қарсыласым өзінің мықты екендігін дәлелдеді, бірақ мен де осал емеспін. Тек соңына дейін күресетін боламын, - дейді Жалғас Жұмағұлов.

Еске сала кетсек, ертең, сәуірдің 1-і күні Almaty Arena спорт кешенінде аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 86 турнирі қткізіледі. Оның басталуы 17:00-де. Бұл кеште жалпы саны 12 кездесу өткізіледі.