Америкалық аралас жекпе-жек майталманы Тони Фергюсен (26-23-3) алдағы UFC 223 турнирінен кейін Конор МакГрегормен жекпе-жек өткізу туралы жайлы өз ойымен бөлісті, – деп хабарлайды Redfurymma сайты.

Жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық атақты иеленген Тони Фергюсен алдағы UFC 223 турнирінде Хабиб Нурмагомедовпен болатын жекпе-жектен кейін Конор МакГрегормен кездесу өткізу жайлы пікірін білдірді. Ол өз сөзінде: «Конор деген кім? Ол үздіктер қатарынан шығып қалған. Ол өмірінің соңына дейін жететін табыс тапты, мен ол үшін қуаныштымын. Әрине, бізде сол үшін жұмыс істейміз. Конор көптеген спортшылар әсер етті. Тіпті, мен одан үлгі аламын. Оның посттарын атақты спортшылар оқып, арнайы пікір жазады. Конордың бокстан тапқан табысынан кейін сегізбұрышқа оралады деп айту қиын», – деді Фергюсен.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсен арасындағы кездесу 7 сәуір күні, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтеді. Спортшылар UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионын анықтайтын болады.