Алматыда бокстан әлем чемпионатында Біржан Жақыпов 49 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алды.

1/4 финалда жерлесіміз төрешілердің бірыңғай шешімімен Пуэрто-Рикандық қарсыласы Антони Чакон Ривераны тізе бүктірді. Қорытынды есеп - 3:0.