Дәл қазір өтіп жатқан «Манчестер Юнайтед» пен «Суонси Сити» арасындағы кездесуде 2:0 есебімен алаң қожайындары жеңіске жетуде. Ойында үзіліс уақыты.

Кездесудің есебін алаң қожайындарының бельгиялық шабуылшысы Ромелу Лукаку ашты. Дәл осы голының арқасында Лукаку Англия чемпионатындағы соққан голдарының санын жүзге жеткізді.

Лукаку 68 рет «Эвертон», 17 рет «Вест Бромвич» және 15 рет МЮ командасы үшін гол соққан.