Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Амур» (Ресей, Хабаровск) командасымен ойнайды.

Хабаровск қаласының хоккей клубы осы уақытқа дейін 18 ойын өткізіп, соның тек төртеуінде ғана жеңіске жеткен. Бүгінде команда 18 ұпаймен жалпы турнирлік кестеде 27-ші орында (лигада 28 команда ойнайды - авт.) тұр. «Барыс» та 18 матч өткізген. Алайда 15 рет қарсыласынан басым түсіп, үш рет  ұтылған. Астана қаласының хоккей клубының еншісінде 43 ұпай бар. Қазір «Барыс» хоккейшілері тек «СКА» (45 ұпай) мен «Ақ Барсқа» (44 ұпай) ғана жол беріп, үшінші орында келеді. Ал бүгінгі ойында жеңіске жетсе, бірінші орынға көтерілетін болады.