Ертең елордадағы «Астана арена» стадионында Европа Лигасының топтық кезеңінің үшінші турында қарағандылық «Шахтер» мен голландиялық «АЗ Алкмаар» командалары кездеседі.

 Кеше голландиялық футболшылар Астанаға келді. Бүгін екі команда ойыншылары да соңғы дайындықтарын пысықтау үстінде. «Шахтер» мен «АЗ Алкмаар» командалары арасында өтетін матчқа украиналық Евгений Арановский төрешілік етеді. Оның көмекшілері де украиналықтар - Александр Войтюк, Сергей Беккер, Сергей Бойко және Анатолий Абдула.

Матч 24 қазан күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы уақыты – 22:00. Футболсүйер қауым ойынды тікелей эфир арқылы КТК телеарнасынан тамашалай алады.

Естерңізге сала кетсек, екі турдан кейін «Шахтер» еншісінде – 1 ұпай, ал «АЗ Алкмаар» еншісінде 4 ұпай бар.