Қазақстандық конькишілер маусымды күтпеген нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Классикалық көпсайыста спринтерлер жеңіске жетті. Екатерина Айдова ел біріншілігінде қарсылас шақ келтірмеді. Ол спринттен тыс басқа да қашықтықтарда топ жарды. Әйелдер арасындағы көпсайыста екінші орынды Татьяна Сокирко иеленсе, үздік үштікті Валерия Чадова қорытындылады.

Ерлер арасындағы спринт пен классикалық көпсайыста Иван Аржаников үздік атанды. Күміс жүлде Дмитрий Морозовқа бұйырса, қола жүлдені Демьян Гаврилов қанағат тұтты.

Айта кетейік, бұл үш спортшымыз Дмитрий Бабенконың қол астында Минскте өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында бақ сынаған болатын.