Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағынан «Садақ ату спорт кешені» ашылды, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

 Кешен 0,72 га жер аумағында құрылысы 2012 жылы шілде айында басталып, спорт нысаны 2013 жылы қазан айында аяқталды. Құрылыстың Бас жобалаушы мекемесі «Сити Инжиниринг» ЖШС болса ал, құрылысты жүргізуші мекеме «Kaz imau» ЖШС-і. Құрылысқа облыстық бюджеттен 127,0 млн. теңге қаржы қаралып, толығымен игерілген. Осы күнге дейін Шымкент қаласында мұндай оқу-жаттығу орталығы болмаған. Спорт саласы мамандарының ұсынысымен облыс әкімінің қолдауымен аяқталған спорт нысаны бір мезетте 60 садақ ату спортшысын қабылдауға мүмкіндік алып отыр.