«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионаты аясындағы «Севильямен» болатын ойынға қатысуы мүмкін ойыншылар тізіміне енді.

Аргентиналық жарақатына байланысты тізімге енбей қалуы да мүмкін еді.

Месси Аргентина құрамасының Италия және Испания құрамаларымен өткізген жолдастық кездесуіне қатысқан жоқ.