Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Торос» (Башқұртстан, Нижнекамск) командасына жол беріп қойды.

Бұл матчта қонақтардың ойыны жүрді. Бірінші кезеңнің екінші минутында олар есепті ашып, артынан шебер қорғана білді. Ал екінші кезеңде таразы басын 0:3-ке дейін жеткізді. «Қазцинк-Торпедо» қанша тырысқанымен, есепті теңестіре алмады. Үшінші кезеңде «Торостың» қақпасына бір-ақ шайба соғылды. Осымен ойын да аяқталды. Қорытынды есеп - 1:3.

Осылайша, екі команданың жалпы ұпай саны теңесті. Әрбіреуінде - 33 ұпай. Алайда қарсыластың қақпасына соққан шайбалардың саны жағынан «Торос» алда тұр. Сондықтан ол жалпы турнирлік кестенің бірінші орнына көтерілді. Ал көптен бері оқ бойы озық тұрған «Қазцинк-Торпедо» екінші орынға сырғыды.