ESPN телеарнасының журналисі Давид Файтельсон қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы рематч туралы пікірін айтты.

«Оскар де ла Хойя қашып құтыла алмайтын жаңалықты кейінге қалдырып жүр: Головкин мен Канелоның 5 мамырдағы жекпе-жегі кейінге шегерілді», - деп жазды бокс маманы.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 5 мамыр күні Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланған. Алайда мексикалық боксшының қанынан тыйым салынған дәрумен табылып, 10 сәуірге дейін спорттан шеттетілді.

30 наурызда Канелоның ісіне қатысты алғашқы отырыс өтуі керек еді, алайда оны кейінге шегерді. Енді жекпе-жек тағдыры 18 сәуірде шешіледі.