ҚФФ төрелік және қадағалау департаментінің директоры қызметіне бұрынғы төреші Сергей Кенетаев сайланды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап, Prosports.kz хабарлайды.

Сергей Кенетаев - халықаралық дәрежедегі төреші. Бұған дейін де Қазақстан футбол федерациясында бірқатар лауазымды қызметтер атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 2017 жылдың қаңтарынан бастап аталған қызметті ісеп келген Николай Левниковтың орнынан кеткені хабарланған болатын.