Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов жекпе-жек алдына ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz Qsport.kz сайтына сілтеме жасап.

31 наурызда кезекті жекпе-жектерін өткізетін талантты былғары қолғап шеберлері Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыластарымен көз арбасты. Жеңіл салмақта өнер көрсетін отандастарымыз мексикалық спортшыларға қарсы жұдырқтасады. Батыр Ное Нунезға қарсы сынға түссе, Абылайхан Құсайынов Хильберто Месамен (8-3-1, 5 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаева шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Ол соңғы жекпе-жегін 16 желтоқсанда америкалық Уилберт Лопеске қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен. Ал Абылайхан Құсайынов шаршы алаңда 7 жекпе-жек өткізіп, 5 кездесуінде қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.