Бокстан WBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Василий Ломаченко «Реал» ойыншысы Криштиану Роналдуға қолғап сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

33 жасар ойыншыға украиналықтың бұл сыйын боксшының менеджері Эгис Климас Женевада өткен Голландия мен Португалия арасындағы жолдастық кездесуде тарту еткен.

Сыйлықты алып тұрып «Алтын доптың» бес дүркін иегері Роналду 12 мамырда «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтетін бокс кешіне келетіндігін жеткізген.

Естеріңізге салсақ, аталған күнгі бокс кешінің басты кездесуінде Василий Ломаченко Хорке Линареспен кездеседі.