Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов 69 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының ширек финалдық жолдамасын Франция өкілі Сулеймани Сиссохомен сарапқа салды.

Кездесу қорытындысы бойынша Данияр жеңіске жетіп, ширек финалға шыққан тоғызыншы қазақстандық боксшы атанды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін дүбірлі доданың 1/4 финалына Біржан Жақыпов (49 келі), Ілияс Сүлейменов (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Берік Әбдірахманов (60 келі), Мерей Ақшалов (64 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және Иван Дычко шыққан болатын.