Америкалық боксшы Деметриус Андраде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу туралы ойын айтты. Бұл туралы Baq.kz жазды.

«Геннадий Головкинмен рингте жекпе-жекке шықсам, мен үшін мәртебе болар еді. Мен өзімнен мықтыларға қарсы тұру машығым мен талантымды тексеріп көру үшін орташа салмақ дәрежесіне көтерілдім. GGG – 160 фунттағы біріктірілген чемпион, сондықтан мен онымен жекпе-жекке шыққым келеді. Жолдан бұлай тұр, Канело. Менің әлемді қайран қалдыратын кезім келді», - деп жазды ол әлеуметтік желі парақшасына.