Мексикалық Сауль Альварестің допинг-сынамасына қатысты істің шешімі 18 сәуірде шығады.

Естеріңізге сала кетсек, 30 наурызда Канелоның ісіне қатысты алғашқы отырыс өтуі керек еді, алайда оны кейінге шегерді. Енді жекпе-жек тағдыры 18 сәуірде шешіледі.

Айта кетейік, NSAC шағымында былай деп жазылған: «Альварестің кленбутеролды әдейі не жазатайым қабылдауы анти-допингілік заңнаманы бұзу болып саналады».

Бұған дейін Невада штаты атлетикалық комиссиясының басшысы Боб Беннетт осы іске қатысты тексерістен соң, Канелоға қарсы шағым жазып, тәртіптік отырысты 18 сәуірге белгіледі.