Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы бұрынғы «Цементник» стадионы Қазақстанның Премьер-Лигасында өнер көрсетіп жүрген шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының меншігіне берілді.

2012 жылдан бері жоғарыда аталған спорт нысанында құрылыс жұмыстары облыстық бюджет есебінен жүргізілді. Оған 282,1 млн. теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. «Тоқтала кететін жайт, былтырдан бері Қазақстан футбол федерациясының шешіміне орай, «Ордабасы» футбол клубында балалар мен жасөспірімдердің дайындық орталығы ашылған еді. Осы күнге дейін Шымкент қаласында жас футболшыларда мұндай оқу-жаттығу орталығы болмаған. Спорт саласы мамандарының ұсынысымен облыс әкімінің қолдауымен аяқталған нысанда бір мезетте 50 футболшы жаттығу жасауына мүмкіндік алып отыр. Көрермендерге арналған 600 орындық жайы бар», делінген баспасөз баянында.