Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық боксшы Сауль Альваресті бір жылға бокстан шеттетуі ықтимал.

Альварестің 17 және 20 ақпанда тапсырған допинг-сынамаларынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған болатын. Канелоның командасы допинг Альварестің қанына бұзылған етпен бірге түсті деп түсіндірген. Атлетикалық комиссия мексикалық боксшыны уақытша жазалады. Оның тағдыры 10 сәуірдегі жиында шешіледі.

Допингілік ережеге сүйенсек, қанынан кленбутерол дәрісі табылған спортшылар сайыстардан бір жылға шеттетіледі. Бірақ комиссия Альварестің жағдайына еніп, (Канелоның жағдайында – сынамада препарат көлемі аз және кленбутерол организмге жазатайым түсуі мүмкін), оның жазасын алты айға дейін қысқартуы ықтимал.

Айта кетейік, Альварес 5 мамырда Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы қажет.