Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласы анықталды. Спортшының менеджері Анна Реваның айтуынша, жерлесіміз мексикалық боксшы Вальдо Рохаспен жұдырықтасады.
Мен Садриддинге алғашқы жекпе-жегін мамыр айында өткізуін өтінгенмін. Бірақ ол шаршы алаңға шығуға асығып жүр. Садриддин кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шығатынына өте қуанып жүр. Өзге боксшылар секілді оған да бар көмегімізді тигізіп, қамқор боламыз, - деді Анна Рева.