Мексикалық боксшы Сауль Альварес Невада штатындағы Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілгеніне қарамастан, Головкинмен реваншқа дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Канело» оқу-жаттығу жекпе-жегі (спарринг - авт.) туралы видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Головкин мен Альварестің реваншы ағымдағы жылдың 5 мамырына жоспарланған.