Fightnights.com басылымы GGG мен «Канело» арасындағы қарымта жекпе-жек билеттері қайтарыла бастағанын хабарлады. Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы екінші жекпе-жектің болмай қалу қаупі бар. «Жанкүйерлер талап етсе, билет сату орындары ақшаны толық қайтарып беруге міндетті», - деп жазған Las Vegas Review-Journal.
Еске салайық, Жекпе-жекке екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол препараты табылды.