Сегіз салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо келесі жекпе-жегін жартылай орта салмақта WBA чемпионы Лукас Матиссеге қарсы өткізеді.

Кездесу 8 шілдеде Малайзияның Куала-Лумпур қаласында ұйымдастырылады. Айта кетейік, ол басында 24 маусымда жекпе-жек өткізбек болған.