Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының командасын сынап жүргендерге жауап берді.

Кей адамдарға GGG командасының Канелоны асыра жамандап, допинг дауын жоғары деңгейге көтеріп тастағаны ұнамаған.

«Бұл мәселені осындай деңгейге көтергенімізге қуаныштымын. Егер ол кінәлі болса – кінәлі, түсінесіз бе? Ал кінәлі болмаса – соны дәлелдесін! Бұл туралы айтқанымызға өкінбеймін. Бұл туралы айта беремін де, себебі ол заң бұзды: егер Головкин допингпен ұсталса, жекпе-жек өтпей қалатын еді.

Оның үстіне, Канело мен оның командасына қысым жасалып жатқаны ұнамайды – демек, олар дұрыс емес нәрсе істеген. Өзінің кінәлі емес екенін дәлелдесін – одан сұрайтынымыз сол ғана», - деді Санчес.