Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған алғашқы қазақстандық спортшы Александр Колядинге Қостанайдан үш бөлмелі пәтер берілді.

Сондай-ақ облыс басшысы жеңімпазға жергілікті зауытта құрастырылған көліктің кілті мен 1 млн теңгенің сертификатын табыс етті. Шаңғышының алғашқы жаттықтырушысы да сыяпатсыз қалған жоқ. Бапкер Николай Степин 500 мың теңге иеленді. Ел мерейін асырған спортшыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі облыс өнерпаздарының фестиваліне ұласты.

Айта кету керек, 2015 жылдан бері Қостанайда мүгедектердің спорт клубы жұмыс істейді.