«Ақ-қызылдардың» аңыз ойыншысы Бішкектен Шымкентке арнайы келіп, үшінші тур ойынының құрметті қонағы ретінде өзінің бұрынғы командасына қолдау көрсетеді.

Эмиль матчқа «пентакампиондардың» бас директоры Самат Смақовтың арнайы шақыртуымен келмек. Естеріңізге саламыз, «Ақтөбе» - «Қайрат» ойыны 31 наурыз күні Шымкент қаласында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда өтеді, Астана уақыты бойынша 15:00-де басталады.