Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Кемеровода болған қайғылы оқиғаға қатысты көңіл айтты. 25 наурызда сауда үйіндегі өрттің салдарынан алпыстан астам адам көз жұмған.

«Кемерово. Әрбір саналы адам сіздермен бірге аза тұтады», - деп жазды GGG инстаграмында.