Футзалдан Қазақстан кубогының аясындағы жартылай финалдың төртінші тур ойындары өтті.

Жаңаөзендік дербиде «ӨзенМұнайГаз» жерлестері «Профилексті» жеңді. Бірінші тайм голсыз аяқталып, екіншісінде «Өзенмұнайгаз» қақпаларына гол жіберіп алды. Алайда, артынша еңселерін тіктеп, есепті теңестіріп қана қоймай, кездесу соңына таман жеңісті жұлып алды.

Тараз қаласының «СКА-Юг» командасы құрамын үш легионермен толықтырды. Мұның алдында әскерилерге жеңіс үшін үш гол да жеткілікті болып жүретін. Оның үстіне, ол кезде құрамы да әзер толығып жататын еді. Ал Жаңаөзеннің «Бұрғылауын» жеңу үшін тараздықтарға алты гол қажет болды. Өз қақпаларына бес доп жіберіп алды. Қазір «Ска-Юг» турнир кестесінде көш бастап тұр.

Солтүстік Қазақстан облысының «Аят» командасы мен Батыс Қазақстанның «Ақжайығы» арасындағы ойынның бірінші таймында екі ұжым да бір-бір голдан соққан болса, рудныйлықтар қарқындарын күшейтіп, оралдықтардың қақпасына тағы төрт гол соқты. 

Футзалдан Қазақстан Республикасының ХVIII кубогы, 2013 ж.

Іріктеу кезең. «В» тобы, Жаңаөзен қаласы, 15-19 Х 2013 ж. 

Ойындардың кестесі

15 қазан, 2013ж. (Сейсенбі)

СКА Юг – Профилекс  3:2 (2:0)

Аят – Бұрғылау  8:5 (4:0)

ОМГ – Ақжайық  11:0 (4:0)

16 қазан 2013ж. (Сәрсенбі)

Ақжайық – Профилекс 2:6 (0:3)

СКА Юг – Аят 1:3 (1:1)

ОМГ – Бұрғылау  8:2 (3:0)

17 қазан 2013ж. (Бейсенбі)

Бұрғылау – Профилекс 4:2 (4:2)

СКА Юг – Ақжайық 3:1 (2:0)

ОМГ - Аят 5:7 (2:4)

18 қазан 2013ж. (Жұма)

СКА Юг – Бұрғылау 6:5 (4:1)

Аят – Ақжайық 5:1 (1:1)

ОМГ – Профилекс 3:2 (0:0)

19 қазан 2013г. (Сенбі)

Ақжайық – Бұрғылау

Аят – Профилекс

ОМГ – СКА Юг