ESPN тілшісі және сарапшысы Дэн Рафаел қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесудің кейінге шегерілу мүмкіндігі мол екенін айтты, деп хабарлайды отандық басылымдар.

- Мен бұл саладағы көп жылдық тәжірибеме сүйене отырып, 5 мамырда өтуі керек болған Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы матч-реванш өтпейтініне кепілдік бере аламын. Менің ойымша, Альварес өзінің кінәсіз екенін дәлелдей алған күннің өзінде алты айдан көп уақытқа дейін боксқа қайтып орала алмайды. Егер осылай есептесек, «Канело» рингке 17 тамызда ғана шығады.

Ал Геннадий Головкин мен Том Леффлер «Канелоны» күтіп отыра алмайды. Олар аз ғана үзілістен соң, HBO арнасымен келісіп, келесі кездесуді ұйымдастырады. Кездесу мамыр немесе маусым айында өтеді. Әрі осы жекпе-жектен соң Геннадий Головкин 16 қыркүйекте мексикалық боксшымен қайта жолығатын болады,- дейді Рафаел. Сондай-ақ, сарапшы Головкин Альвареспен кездесуі өтпей қалған жағдайда қай боксшылармен жекпе-жек өткізетініне болжам айтты: Билли Джо Сондерс. WBO чемпионы. Сондерс қазіргі уақытта жарақатына байланысты демалыста. Егер маусым айына жекпе-жекті ауыстырса кездесу өтері анық. Бұл үшін боксшы Мартин Мюрреймен кездесуден бас тартуы қажет).Дэниел Джейкобс. Джейкобс 28 сәуірде Мацей Сулецкимен жекпе-жек өткізеді, Геннадий - Сауль кездесуі бұдан бір апта кейін екенін ескерсек, Джейкобс кездесуден бас тартып, 5 мамырда мега жекпе-жек өткізе алатынына сенемін.Сергей Деревянченко. 32 жастағы боксшы бокс әлеміне таныла қоймағанымен Головкиннің белдігіне басты үміткер. Карьерасында қомақты қаржы үшін кездесу өткізбеген боксшы үшін бұл қолайлы мүмкіндік.Деметриус Андраде. Олимпиада чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы орта салмаққа ауысып, бұл жекпе-жекке дайын болатынын жеткізген. HBO арнасы бұл кездесуге қызығушылық білдіретіні анық.