Бүгін бокстан әлем чемпионатының тоғызыншы күні. Шаршы алаң төрінде былғары қолғап шеберлерінің соңғы легі 1/8 финалдық ұрыстарын өткізеді. Бабы мен бағы қатар шапқан спортшалар жартылай финалда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болмақ. Сонымен, бүгін бес боксшымыз үшін тақым қысамыз...

 Күндізгі сессия:

14:00

60 келі. Берік Әбдірахманов — Роберт Харутюнян (Германия)

81 келі. Әділбек Ниязымбетов — Арменд Хохай (Косова)

+91 келі. Иван Дычко — Иштван Бернадт (Венгрия)

Кешкі сессия:

19:00

52 келі. Ілияс Сүлейменов — Азат Үсенәлиев (Қырғызстан)

69 келі. Данияр Елеусінов — Сулеймани Сиссохо (Франция)