Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі «Ақтөбе» мен «Жетісу» арасындағы алтыншы кездесуде ақтөбеліктер жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтөбеде өткен ойын 4:0 есебімен аяқталды.

Бұл ойыннан соң жалпы сериядағы есеп 3:3 жетті.

Енді қос команда арасындағы шешуші ойын наурыздың соңғы күні Алматыда өтеді.