Бүгін ұлттық құрамалар арасында көптеген жолдастық кездесулер өтеді.

Солардың арасында футбол жанкүйерлерінің басым көпшілігінің назары Германия мен Бразилия құрамлары арасында өтетін ойынға түсіп отырғаны жасырын емес. Соңғы өткен Әлем чемпионатының жартылай финалын Бразилия құрамасы еске алғысы келмейтіні жасырын емес. Өз жерінде өткен Әлем чемпионатының финалына шығамыз деген армандары Неймар жарақат алып қатардан шыққан соң сөне бастаған. Алайда немістердің өзі сол ойын алдында Бразилияны 7-1 есебімен ұтамыз деп ойламаған болар. Алаң қожайындары бұл ойыннан соң есін жия алмай үшінші орын үшін өткен ойында Голландиядан да оңбай ұтылған.