Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында «Реал Мадрид» өз алаңында италиялық «Ювентус» командасын қабылдайды.Испания астанасында өтетін матчтың билеттері жергілікті уақыт дүйсенбі күні саған 10:00-де онлайн сатылымға шыққан болатын. Бір қызығы, сағат 10:08-де билеттер түгел сатылып кеткен. Демек, ойынды асыға күткен жанүйерлер 8 минуттың ішінде барлық билетті сатып алған.

Естеріңізге сала кетейік, «Реал Мадрид» пен «Ювентус» арасындағы қарымта кездесу 11 сәуір күні «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді.