Әлі жеңілмеген қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайыновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.

Құсайынов кезекті жекпе-жегін 31 наурызда Монреальда (Канада) өткізеді. Қарсыласы 23 жастағы мексикалық Хильберто Меса болмақ. Кездесу жеңіл салмақ дәрежесінде сегіз раундтық форматта өтеді.

Айта кетейік, бұл бокс кешінде қазақстандық тағы бір боксшы Батыр Жүкембаев рингке шығады. Ол мексикалық Ноэ Нуньеспен кездеседі.