Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Канело арасында өтетін айқасқа қатысты отандасымыздың бапкері пікір білдірді. Головкиннің бапкері Абель Санчес Сауль Альварес рематчқа жіберілмесе де, GGG жоспар бойынша 5 мамыр күні рингке шығатынына үміттенетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Невада атлетикалық комиссиясы «Сауль Альварестің» допинг-сынамасың сәтсіз шығуына байланысты, оны 10 сәуірге дейін спорттан шеттеткен болатын.

«Жоспар бойынша жекпе-жек 5 мамырда өтеді деп сенеміз. Біз лагерьде жаттықтық, айқастан бас тартатындай бізде ешқандай себеп жоқ, – деді GGG-нің бапкері Санчес Boxingscene.com-ға берген сұхбатында. «Біз «Канело» болсын, басқа біреу болсын бесінші мамырда жекпе-жекке шығамыз. Мен соған үміттенемін»,-дейді бапкер. Сондай-ақ, Санчес осы жекпе-жекке дайындық барысында Головкин қарсыласы Альваресті және оның командасын әділ сынағанын жеткізді.

«Маған бұл сөзсіз ұнады. Егер бұл оған рингте басымдық берсе, Головкин бұрынғысынан да мықтырақ болады. Ал бұрынғы Головкинде сөз жоқ, ол – ұлы боксшы», – деп атап өтті коуч.