Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Пол Малиньяджи мексикалық Сауль Альварестің допинг дауына қатысты пікірін айтты.

«Тек ақымақ қана Альварестің допингтен күш-қуат алмағанына сенеді. Егер солай ойласаңыз, боксты қарамай, боулингке ауысқаныңыз жөн. Спортшының алдағанын түсіну үшін оң нәтижелі допинг-сынама керек болса, сіздерге спортты емес, басқа нәрсені таңдау керек», - деді Малиньяджи EsNews-ке.