«Астана» шабуылшысы Алексей Щеткин Болгария – Қазақстан арасындағы жолдастық матчта негізгі құрамда шықпайды.

Футболшы Венгрияға қарсы кездесуде ойнамаған. Енді Болгария құрамасына да қарсы алаңға шықпауы мүмкін. Себебі Щеткин Астанада осы жолдастық матчтарға дайындық кезінде жарақаттанған екен. Бүгінгі Болгарияға қарсы матчта форвард қосалқы құрамда қалды.