Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес әлемге танымал Boxing Monthly журналының мұқабасына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Журналдың кезекті саны 5-ші мамыр күні Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланған Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жекке арналған.

Айта кетейік, Невада штатының атлеттер комиссиясы Сауль Альвареске допинг дауына байланысты шаршы алаңға шығуға уақытша тыйым салды. Бұл іске қатысты соңғы шешім 10 сәуір күні қабылданады.