Хромтау қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан ел кубогы ойындарында Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы» көш бастап келеді.

Бұған дейін де қарсыластарын жеңген оралдықтар өткен жұма күні ел чемпионы «Алматыны» 3:0 есебімен тізе бүктірсе, сенбіде алаң иелері «ТНК Казхром» командасына 2:3 есебімен жол берді. Бұл батысқазақстандықтардың алғашқы жеңілісі еді, соған қарамастан олар көш бастауда.

«Конденсат-Жайықмұнай» бүгін «Ұшқын - КазНАУ», ертең «Павлодар», 23 қазанда Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылыс» командасымен күш сынасады. Соңғы күні ел кубогы үшін жартылай финалға шыққан төрт команда белгілі болмақ.