Ресей боксшысы Руслан Проводников WBO тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта чемпиондық атақты жеңіп алды.

Американдық Майк Альвародомен арада болған жекпе-жек 10 раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

Бұл кездесу Проводниковтың чемпиондық атақ үшін болған екінші талпынысы еді. Алғашқысында ол америкалық Тимоти Брэдлиден ұпай санымен ұтылып, ауруханадан бір-ақ шыққан болатын.