Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Арман Рысбек (3-0, 2 КО) үшінші жеңісінен кейін өз салмағындағы рейтингіде 231 сатыға жоғарылады.
27 жастағы қандасымыз өзінің соңғы кездесуін Буэнос-Айресте өткізген. Рысбектің қарсыласы Хонатан Эзекиель Агирре болды. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Отандасымыз бірінші минутта-ақ қарсыласын "құлатып" тастады.