Промоутер Эдди Хирн мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жектерден уақытша шеттетілуі туралы пікірін айтты.

Ақпанда Альварестің қанынан допинг табылған. Алайда наурыздағы допинг-сынамаларда тыйым салынған препарат табылған жоқ. Альварестің командасы допинг Канелоның қанына бұзылған ет арқылы кіріп кетті деп айтқан еді.

Кейін Невада штатының атлетикалық комиссиясы Альваресті уақытша бокстан шеттетті. Нақты шешім 10 сәуірде қабылданады.

«Егер Альварес жәй ғана бір нәрсе жеп қойса – жекпе-жек өтуі керек. Бірақ допингті әдейі қабылдаса, жағдай қиындау. Меніңше, Альварес кінәлі. Мексикада бұзылған ет бойынша проблема бар. Бірақ Сауль сапалы тағамды жеуге жағдайы жететін бай адам ғой», - деді Хирн.