Желіде америкалық боксшы Джермалл Чарлоның (26-0, 20 КО) бір видеосы жарық көрді.

Чарло бес минут бойы өзін видеоға түсірген, мұнда боксшының ішімдік ішкені анық байқалады. Джермалл Сауль Альварестің допинг дауына байланысты Головкинге алдағы жекпе-жектегі қарсыласы ретінде өзін ұсынды.

«GGG! Сенің менімен жұдырықтасуың керек. Естідің бе, GGG? Мен сенің міндетті ү-міт-ке-рің-мін! Нөмірі бірінші үміткер! Егер Канело допингте болып, сенің онымен жұдырықтасқың келмесе, менімен шық – мен дұрыс ет жеймін», - деді Чарло.

Айта кетейік, Невада штатының атлетикалық коммиссиясы Альваресті уақытша бокстан шеттетіп тастады. Нақты шешім 10 сәуірде шығады. Головкин – Альварес рематчы 5 мамырға жоспарланған.