«Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс «PROСПОРТ Казақстан» тілшілеріне берген сұхбатында «Тобылдың» экс шабуылшысы Бауыржан Джолчиевке қызығушылық танытқанын айтты.
 
«Джолчиев мықты ойыншы, біз оны командада көргіміз келген. Маусым аралықта Бауыржан жарақат алып,  басқа да себептерге байланысты келіссөзді тоқтатуға мәжбүр болды. Қазақстандық ойыншылардың арасында «Ақтөбе» мен «Шахтер» ойыншыларын мұқият бақылап жүрміз», - деді Вайсс.
 
Жастар құрамасының бас жұлдызы Бауыржан Исламхан жайлы:
 
- Исламханға жиі ойнау керек. «Кубаньның» екінші командасында ойнағаннан көрі Премьер-лигада ойнаған дұрыстау болды. Бауыржанның ойын түсіну қабілеті мықты, бірақ физикалық тұрғыда біраз қосу керек. Ол әлі жас, сондықтан болашағы алда.