Мадридтік «Атлетико» мен Франция құрамасының шабуылшысы Антуан Гризманн осы жазда «Барселонаға» ауысу үшін жалақысының азаюына да келісіп отыр. Бұл туралы Sport.es жазды.

«Барселонамен» келіссөз кезінде Гризманн жалақысының азаюына келісім берген. Алайда команда маңызды титулдар ұтып алса, үлкен бонустар алады.

Бұған дейін 27 жастағы француз өзінің болашағы туралы шешімді Ресейдегі әлем чемпионатына дейін қабылдайтынын айтқан. Ол «Атлетикода» 2014 жылдан бері өнер көрсетеді.