Біріңғай ВТБ лигасы аясында «Астана» баскетбол клубы өз алаңында ресейлік «Парма» командасын қабылдап, жеңіліп қалды.Елордалықтар Пермь қаласынан келген қонақтарға 78:84 есебімен есе жіберді. Қазақстандық баскетболшылар кездесудің екі бөлігін өз пайдаларына шешкенімен, қалған екеуінде қонақтар жеңді. Ойын есебі: (20:19, 18:19, 14:26, 26:20).

Бірыңғай ВТБ лигасы. 18-ші тур. «Астана» — «Парма» 78:84 (20:19, 18:19, 14:26, 26:20).