UEFA кубогының 2018/19 жылғы маусымына Қазақстан атынан екі команда қатысады. Бұл туралы «Қайрат» футзал клубының бас бапкері Какау мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.- Қазақстан футзалын құттықтаймын. ЕURO-2018 турниріндегі жақсы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы Еуропа рейтингісінде төртінші орынға көтерілген еді. Осы көрсеткіштің арқасында 2018/19 маусымынан бастап UEFA Кубогына Қазақстаннан екі клуб қатыса алады, - деп жазды Какау өзінің Instagram парақшасында.Естеріңізге сала кетейік, биыл жыл басында өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға дейін жетіп, Испания құрамасына ойыннан кейінгі пенальти сериясында ғана есе жіберген еді.