Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» жаңа маусымдағы төртінші кездесуін «Indian Tigers» командасына қарсы өткізіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты. Үндістан елінде өтіп жатқан бүгінгі кездесуде алғашқы болып алаңға шыққан 49 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі Шиам Кумар Какара мен Теміртас Жүсіпов жұбында біздің боксшының мерейі үстеп болды. Төрешілер 2:1 (50:45, 48-47, 47:48) есебімен Теміртастың жеңісін мойындады.Алайда екінші болып шаршы алаңға көтерілген Нұрсұлтан Кошеғұлов (56 келі) қарсыласы Эташ Хан Мухаммедке 3:0 есебімен есе жіберіп алды.Осылайша, алғашқы екі кездесуден кейін жалпы есеп 1:1 болып тұр.