Малайзия елінде өтіп жатқан «Лангкави туры» көпкүндігінің жетінші кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде Astana Pro Team командасының велошабандозы Руслан Тлеубаев үздік үштіктің қатарынан көрінді. Ал Русланның алдын орап «Androni Giocattoli-Sidermec» командасының шабандозы Мануэль Беллетти мен «Wilier Triestina-Selle Italia» клубының намысын қорғайтын Ойгерт Жупа келді.

«Лангкави Туры». Жетінші кезең Нилаи — Муар. 222,4 шақырым

1. Мануэль Беллетти (Италия, «Androni Giocattoli-Sidermec») — 5:08:23 2. Ойгерт Жупа (Албания, «Wilier Triestina-Selle Italia») 3. Руслан Тлеубаев (Қазақстан, «Астана»)

Жалпы есеп:

1. Артем Овечкин (Ресей, «Terengganu Cycling Team») — 28:56:20 2. Лукаш Овсян (Польша, «CCC Sprandi Polkowice») — +0:28 3. Бен Дайбол (Австралия, «St George Continental») — +0:32.