АҚШ-тың Майами қаласында кәсіпқой бокс кеші өтіп, оған қазақстандық Иван Дычко қатысты.

27 жастағы боксшы ауыр салмақ аясында Стивен Кирнонмен жекпе-жек өткізген. Боксшы қарсыласын нокаутқа жіберіп, бірінші раундта-ақ кездесуді аяқтап тастады.

Осылайша, Дычко кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді.